[:kk]Абай облысының бес мұғалімі «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды[:]

[:kk]Бүгін облыстың барлық мектебінде «Мектебім, саған мың алғыс!» мектеп бітіруші түлектерге арналған іс-шара өтті. Мерекелік шарада облыс бойынша «Үздік мұғалім» атағын иеленген 5 ұстазға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгісі табысталды, — деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бородулиха ауданынан М.Әуезов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Әсел Ықыласова,
Камышенка орта мектебінің көркемсурет пәні мұғалімі — Галина Сафронова,
Н.Островский атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі — Саят Бодомбаев,
Семей қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия мұғалімі — Қуат Оразалин,
Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі — Жанар Дурмекбаева.
Марапатты Білім бөлімі басшылары мектеп бітірушілерге арналған соңғы қоңырау жиынында табыстады.
Semeynews.kz[:]


