Абай облысыБілімТОП

[:kk]Абай ауданында «Кәмен оқулары» өтті[:]

[:kk]Абай облысының білім басқармасы және Абай ауданының әкімдігінің қолдауымен көрнекті халық жазушысы, абайтанушы- мұхтартанушы, майдангер, ұстаз Кәмен Оразалин атындағы көркемсөз шеберлерінің аймақтық «Кәмен оқулары» өтті, — деп хабарлайды Semeynews.kz.

Байқауға жиыны 24 үміткер қатысып, өз бақтарын сынады.

Байқау үш бөлім бойынша өткізілді. І бөлім — “Әдебиет-қоғамның айнасы”, ІІ бөлім — “Абай ауылына саяхат”, ІІІ бөлім — “Жазушы К.Оразалиннің шығармашылығы”.

Байқаудың қорытындысы:

Бас жүлде — Ардақ Рахила, Қанатқызы Балым

І орын — Ержан Жания, Тоқтамысова Тоғжан

ІІ орын — Туашева Зарина, Даулет Балауса, Дәулетбек Мадина

ІІІ орын — Қайырбекұлы Мадияр, Айдынқызы Ұлпан, Бекбосын Аружан, Абдыгамитова Айдана, Адильханова Қарақат.

Жарыс соңында жас көркемсөз шеберлері Кәмен Оразалиннің тұрған үйі қазіргі музей үйіне барып, жазушының өмірбаянымен танысып, музей ішін аралады.

Semeynews.kz[:]

Осы айдарда

Back to top button