Абай облысы

[:kk]ХҚКО-дан құжаттарды тәулік бойы алуға болады[:]

[:kk]Семей қаласының орталығында 408 квартал, 21 мекенжайында дайын құжаттарды алу үшін тәулік бойы постамат жұмыс істейді. Қала тұрғындары құжаттарды кез-келген ыңғайлы уақытта 24/7 режимінде ала алады.

Ол үшін клиент өтінімді рәсімдеу кезінде дайын құжаттарды постомат арқылы алатынын көрсету қажет. Құжаттың дайын екендігі туралы SMS-хабарлама келгеннен кейін оны постоматтан 3 күн ішінде алу керек. Ол үшін биометриялық сәйкестендіруден өтіп, SMS-тен бес таңбалы кодты енгізу қажет. Содан кейін ұяшық ашылады және құжатты алуға болады.

Айта кетейік, сервис сұранысқа ие қызметтің 11 түрі бойынша қолжетімді. Олардың ішінде:

— туу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш алу;

— жылжымалы мүлік кепілін тіркеу;

— білім туралы құжаттарды тану туралы куәлік;

— тіркеу ісі құжатының көшірмелері;

— техникалық паспорттың телнұсқасы;

— жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасы;

— апостиль қойылған құжаттар.

Semeynews.kz[:]

Осы айдарда

Back to top button