[:kk]Аягөз ауданында 28 отбасы қоныс тойларын тойлады[:]

[:kk]Мемлекеттік тұрғын үй қорында әлеуметтік жағынан осал топ ретінде кезекте тұрған тұрған 28 отбасыға Аягөз қаласының Р.Қошқарбаева көшесінде бой көтерген тұрғын үйлердің кілттері табысталды, — деп хабарлайды Semeynews.kz.
«Халықты баспанамен қамту мәселесі мемлекет үшін қашан да басым бағыттың бірі. Осы орайда аудан бойынша жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады», — деді Қанат Әділбай.
Аталған тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үйлер болып табылады.
Анықтама үшін:
Баспанамен қамту бағытында. Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй алу кезегінде 1445 азамат тіркелген.
Оның ішінде:
— әлеуметтік осал топта — 667 азамат;
— көпбалалы отбасы санатындағы — 271 азамат;
— жетім балалар немесе ата – анасының қамқорынсыз қалған балалар санатында — 203 бала;
— мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекеме жұмысшылары санатында — 287 азамат;
— заңнамаға сәйкес үйі апатты деп танылған азаматтар кезегінде — 17 отбасы тіркелген.
Semeynews.kz[:]


