Абай облысыҚоғамСпортТОП

[:kk]Көкпекті ауданында «Көкпекті барысы — 2023» турнирі өтті[:]

[:kk]Абай облысының Көкпекті ауданында ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында қазақ күресінен «Көкпекті барысы — 2023» турнирі өтті. Сайыста жалпы жиыны 50-ден аса спортшы бақ сынасты, — деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жарыс оқушылар арасында 2 салмақ дәрежесінде (50 кг дейін және 50 кг аса ауыр салмақта) ересектер арасында 18-35 жас және 36 жастан асқан балуандар арасында өтті.

Жарыстың салтанатты ашылуына аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев қатысып, боз кілемдегі балуандарға сәттілік тіледі.

Тартысты белдесу нәтижесі бойынша:
Оқушылар арасында 50 кг дейінгі салмақта:
І орын — Құралбеков Руфат
ІІ орын — Капаров Ерсін
ІІІ орын — Қоңырбаев Азамат

Оқушылар арасында 50 кг дейінгі салмақта:
І орын — Әлімбек Әлімжан
ІІ орын — Бигалиев Мирас
ІІІ орын — Ахметкалиев Бауыржан

Ересектер арасында 18-35 жас аралығында:
І орын — Арғынов Ерзат
ІІ орын — Тұқышев Дидар
ІІІ орын — Нұрғазинов Диас

36 жастан асқан ересектер арасында:
І орын — Изгуттинов Арман
ІІ орын — Турлыбеков Дулат
ІІІ орын — Нұрлан Ермек

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы белдікпен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Semeynews.kz[:]

Осы айдарда

Back to top button