Абай облысыҚоғамСемейСпортТОП

[:kk]Ұлттық ұлан​ жауынгері​ самбодан ел чемпионы атанды[:]

[:kk]Таяуда Семей қаласында жауынгерлік самбодан Қазақстан кубогі Қабанбай батыр мемориалы​ сарапқа салынды, — деп хабарлайды Semeynews.kz.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үш жүзден астам балуан боз кілемде кім мықтыны анықтады. Тартысқа толы додада «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының ​ намысын 5518 әскери бөлімінің жауынгері ​ Азамат Байғожин қорғады. Күш сынасқан қарсыласын шаң қаптырған әскери қызметші өткізген төрт белдесуін айқын басымдықпен ұтты. Нәтижесінде​ 71 келі салмақ дәрежесінде​ ел чемпионы атанды.

  • Мен былтыр бұл сайыста екінші орын алдым. Астана қаласынан қатысқан балуанға есемді жіберіп алып едім. Бұл жолы жатпай-тұрмай дайындалып, ақтық сайыста тағы да экс-чемпионмен жолығып, текетіреске толы белдесуде жеңіске жеттім. Осы орайда, маған қолдау танытқан Ұлттық ұлан қолбасшылығына айтар алғысым шексіз,- дейді 5518 әскери бөлімінің қызметшісі лейтенант Азамат Байғожин.

Зайсан ауданының тумасы мектеп қабырғасында еркін күреспен шұғылданған. Алайда,​ әскери салада қызмет атқарғалы жауынгерлік самбоны жанына серік етіпті. Өйткені, қызмет барысында ​ жауынгерлік самбо әдістерін қолданады екен. Еркін күрестен Олимпиада ойындарының жүлдегері Ақжүрек Таңатаровты үлгі тұтатын спортшы алдағы уақытта халықаралық байрақты бәсекелерде ел намысын қорғауды мақсат тұтады.

Semeynews.kz[:]

Осы айдарда

Back to top button