
Семейлік полицейлер жоғалған 15 жастағы қызды тапты, – деп хабарлады Semeynews.kz.
Жасөспірім 2 қарашадан бастап үйде болмаған, туыстары полицияға оның жоғалып кеткенін тек 4 қарашада хабарлады.
Іздеуді жүзеге асырған полиция, жоғалған жасөспірімнің туыстары түні бойы қаланы тексерді. Тек сағат 12:00-ге қарай полицейлер қызды тапты.
Қазіргі уақытта қызбен және оның заңды өкілімен психологтардың қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр.
Қыздың мінез-құлқы Семей қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралатын болады.
Semeynews.kz