Абай облысыБілімҚоғамМәдениетСемейТОП

[:kk]Семейде «Абай, Мұхтар мұрасы – адамзаттың асыл қазынасы» атты әдеби–квест өтті[:]

[:kk]Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының ұйымдастыруымен Мұхтар Әуезовтің туған күніне арналған «Абай, Мұхтар мұрасы – адамзаттың асыл қазынасы» атты әдеби–квест ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Semeynews.kz.

Әдеби-квестке облыстың мемлекеттік қызметшілерінен құралған:

Абай облысының қоғамдық даму басқармасының «Алау», Ветеринария басқармасының «Ертістің еркелері», Семей қаласы полиция басқармасының «Алғабас» және Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Самғау» командалары қатысып, бақ сынасты.

Әдеби-квест ережесіне сәйкес командалар Хакім Абай Құнанбайұлы мен кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы және Абайдың Жидебай -Бөрілі қорық музейі туралы тапсырмалардан құралған 10 бекеттен өтті.

Әдеби-квесттің қазылық еткен әділқазылардың шешімімен «Алау» командасы жетекшісі Айдар Садырбаев бастаған мемлекеттік қызметкерлер Бас жүлдеге лайықты деп танылса, жүлделі І орында «Самғау» командасы иеленді, ІІ орынды «Ертістің еркелері» командасы қанжығасына байлап, ІІІ орынды «Алғабас» командасы алды.

Командалар дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Semeynews.kz[:]

Осы айдарда

Back to top button