ОбразованиеОбществоСемейТОП
[:kk]Семейдің жас паториоттары «Айбын» әскери-патриоттық жиынына дайындалуда [:]
№ 49 жалпы білім беретін негізгі орта мектептің «Жас барлаушы» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері «Айбын» әскери-патриоттық жиынына белсенді дайындалуда, деп хабарлайды Semey News.

[:kk]Семей гарнизонының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 44736 әскери бөлімінің жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығының нұсқаушысы сержант Рауан Қожахметов жас патриоттар жиын барысында күш сынасатын әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша дайындық өткізді.




Оқушылармен белтемірге тартылудан, жатып денені көтеруден, АК-74 автоматтық қаруын жартылай бөлшектеп-жинаудан, жалпыәскери қорғаныс жиынтығын киюден шеберлік көрсетілімдері ұйымдастырылды.
- Дайындық күшейтілген режімде өткізілуде, жазғы демалыс уақытында балалар «Айбын» жиынына өз бетімен дайындалады, — деді әскери бөлімнің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ержан Қошқаров.
Semey News[:]


