[:kk]»Қарасора-2023″ жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шүлбі кентінің 49 жастағы тұрғынын ұстады[:]

[:kk]Ол өз үйде есірткі затын кептіру арқылы қолдан заңсыз жасаған. Тұрғылықты жері бойынша үйді кідіріссіз тінту кезінде жатын бөлмесіндегі кереуетте 4 полимер орамы, дәлізде 1 қағаз орамы, гардеробта 1 полимер пакеті, жуынатын бөлмеде шыныаяқта дымқыл зат, балконда 2 ыдыста өсімдік тектес жасыл түсті заттар тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған зат жалпы салмағы 992,75 грамм болатын «кептірілген марихуана», жалпы салмағы 3 кг-нан асатын «кептірілмеген марихуана» болып табылады.
ҚР ҚК 296-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау).
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Semeynews.kz
[:]


