Абай облысыҚоғамМәдениетМерекеСемейТОП

[:kk]Семейде Конституция күніне арналған мерекелік концерт өтті[:]

[:kk]Мерекелік концертке облыс және қала басшылығы, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты, — деп хабарлайды Semeynews.kz.

Мемлекеттік биліктің қалыптасуына, еліміздің қарқынды дамуына жол ашқан Қазақстан Конституциясы күніне арналған салтанатты жиында Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

— Ардақты ағайын, құрметті жерлестер баршаңызды еліміздің мерейлі мерекесі — Конституция күнімен құттықтаймын! Біздің Ата заңымыз әлемдегі ең жас, әрі жалпыазаматтық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік конституциялардың бірі. Ата Заңда бекітілген конституциялық нормалар бүгінде өзінің өміршеңдігін, заман талабына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді. Біздің Конституциямыз, ең алдымен, елдің бірлігі мен қоғамның қауіпсіздігін, ұлттар мен ұлыстардың ауызбіршілігін, ең бастысы — жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, — деді Нұрбол Нұрсағатов.

Облыстағы өнер ұжымдары мәдени концерттік бағдарлама ұсынды.

Semeynews.kz[:]

Осы айдарда

Back to top button