Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының Көкпекті ауданында ауыз сумен қамтамасыз етілген ауылдардың саны артуда

Бүгінгі күні Көкпекті ауданында Көкпекті, Теректі, Тассай, Үлкенбөкен, Үлгілімалшы, Ажа, Көкжайық ауылдары орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Көкпекті ауданында: ұзындығы 10 290 м. – Биғаш, 13 739 м. – Шұғылбай, 7 472 м. – Шәріптоғай, 8 002 м. – Мамай, 6 407 м. – Қарамойыл ауылында «Life Story Invest» ЖШС мердігер ұйымы су құбырының тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұдан бөлек аудандағы Ақой, Ажа, Толағай, Үкіліқыз ауылында су құбыры желілерін тартуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

Анықтама үшін: Көкпекті ауданында 17 ауылдық округ және 56 елді мекен бар. Онда 27 мыңнан астам адам тұрады. Оның ішінде 35 елді мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button