Абай облысы орталығындағы жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Семейдегі жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қазіргі таңда Ертіс көшесінде асфальтбетон жабынын фрезерлеу жұмыстары жүргізілуде, Рысқұлов көшесінде тегістеу қабатын төсеу, Докучаева көшесінде жол жиегіндегі тастарды ауыстыру бойынша жұмыстар аяқталды.
Чайковский көшесінде жалпы ұзындығы 1,2 шақырым болатын қолданыстағы бордюрлерді ауыстыра отырып, жүріс бөлігін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Шугаев көшесінде жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп қолданыстағы жол жиектері ауыстырылды және жаяу жүргіншілер жолдары қалпына келтірілді.
Берел және Би Боранбай көшелеріндегі жол айрықта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жол құрылысы қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің тапсырысымен жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ, Семей қаласының әртүрлі көшелерінде түрлі дәрежедегі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, биыл Семейде 60 шақырым болатын 40 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Semeynews.kz