Абай облысыҚоғамСемейТОП

Өрт сөндіру ошағында дәрі-дәрмек жеткілікті – дәрігерлер

Медицина қызметкерлері өрт сөндіру аймағындағы адамдарға қажет емес дәрі-дәрмектерді жіберу ісін тоқтатуды сұрады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Медицина мамандарының айтуынша, өрт аймағына денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін препараттар да жеткізілген.

«Өрт шағында жүрген медицина қызметкерлері қазіргі жағдайға сәйкес келмейтін дәрі-дәрмек жіберуді тоқтатуды сұрайды. Тіпті, олардың ішінде кейбір жағдайда зиян келтіруі мүмкін препараттар бар. Мысалы, «Стрепсилс». Оны түтін аймағындағы адамдар қолданса, жағдайын нашарлатуы мүмкін. Дәрілік препараттар жарамдылық мерзімін және сақтау жағдайын есепке алмай қораптармен жеткізіледі», – деп жазылған облыс әкімдігі хабарламасында.

Қазір өрт сөндіру орындарында ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының (ЦӘК) кәсіби бригадалары жұмыс істеп жатыр. Оның құрамына дәрігерлер, медицина қызметкерлері, санитар-жүргізушілер бар. Сондай-ақ пневмокаркас модульдері негізінде арнайы көлік және далалық медициналық госпиталь орналасқан.

Өрт болған күннен бастап Семей және Бородулиха ауданының жедел медициналық көмек және медициналық ұйымдарының бригадалары кезекшілік етіп жатыр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button