
[:kk]Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Би Боранбай көшесіндегі жол айрықта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жерге барып, жұмыс барысымен танысты, — деп хабарлайды Semeynews.kz.
Аталған жол құрылысы қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің тапсырысымен жүзеге асырылуда.
— Семейліктер үшін жол ең өзекті мәселелердің бірі. Биыл қала ішінде 40-қа жуық көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жұмысты уақытынан кешіктірмеуді және келісімшартта көрсетілген жұмыстардың талапқа сай болуы — басты талабымыз,- деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.
Semeynews.kz[:]


