Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

[:kk]Желіде Семейдегі «Жас Ұлан» лицейінің оқушыларын ұрып-соғу туралы бейне жарияланды[:]

[:kk]Әлеуметтік желіде Семейдегі «Жас-Ұлан» лицей ұландарын ұрып жатқан екі бейнеролик тарады. Абай аудандық білім басқармасы оқиғаға қатысты жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семейдегі лицей-интернаттың бірінде жігітке күш көрсетіп жатқан видеосы пайда болды. Кадрларда әскери киім киген жігіттің екіншісін қалай ұрғаны көрсетілген.

Сондай-ақ, қолына белбеу ұстаған, форма киген ер адам баламен әдепсіз сөздер туралы түсіндірме әңгіме айтып, оны белдікпен ұрған видеосы да жарияланды.

«Жас-Ұлан» мектебі, Семей қаласы Білім министрлігі», — делінген видеоның сипаттамасында.

Абай облыстық білім басқармасы бұл кадрларға түсініктеме беріп, оқиғаның шынымен болғанын мәлімдеді.

«3 ақпанда әлеуметтік желілердің мониторингі барысында 111-взвод ұланына 91-взвод ұланы соққы берген бейнежазба табылды. Сондай-ақ, офицер 71-взвод ұланын белбеуімен ұрған бейнежазба табылды. Жоғарыда аталған фактілер 2022 жылдың қазан айында болған.

Қызметтік тергеу барысында бұл фактілер расталды және кінәлі адамдарға қатысты тәртіптік жаза қолданылды, атап айтқанда: 111-взводтың тәрбиеленушісі 2023 жылдың 6 ақпанында оқудан шығарылды, офицер 2023 жылдың 8 ақпанында қызметінен босатылды.

Уәлиханов атындағы дарынды балаларға арналған «Жас-Ұлан» лицей-интернатының ұландары арасындағы қарым-қатынас, жанжалды жағдайлар мен педагогтердің іс-әрекеттері Абай облысы білім басқармасының басшылығының тұрақты бақылауында» — деді ведомства.

Semeynews.kz

[:]

Осы айдарда

Back to top button