Абай облысыӘкімшілік құқықбұзушылықҚоғамСемейТОП

[:kk]Семей қаласының әкімшілік аумағында Ертіс өзенінде рейдтік іс-шаралар өткізілді[:]

[:kk]Абай облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және аңшылық шаруашылығы жедел қою жасағы » КММ Семей қаласының балық инспекциясы бөлімі «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РМУ-мен бірлесіп,
2023 жылғы 7 — 9 мамыр аралығында уылдырық шашу кезеңінде Семей қаласының әкімшілік аумағында Ертіс өзенінде рейдтік іс-шаралар өткізілді, — деп хабарлайды Semeynews.kz.

Шара барысында инспекторлар заңсыз балық аулау фактісі бойынша табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 2 фактісін анықтады.

Ұсталғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383.1-бабы бойынша 2 әкімшілік хаттама толтырылды.

Мұндай рейдтік іс-шаралар, сондай-ақ балық аулау және балық ресурстарын қорғау ережелерін бұзу фактілері бойынша аудандардың аумақтарын патрульдеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Semeynews.kz[:]

Осы айдарда

Back to top button