ҚоғамСемейТОП

Семей қаласының әкімі қаланың санитарлық тазалығын тексерді

Қазіргі таңда қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов әр күн сайын таңертең тұрақты түрде қаланың санитарлық тазалығы бойынша кәсіпорын басшыларымен тексеру жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Дальний ықшам ауданы мен Орталық саябақтың санитарлық тазалығын тексерді.

Қала басшысы Дальний ықшам ауданыңда салынып жатқан құрылыс ғимараттары аумағына арнайы белгі орнатып, қоршау орнатуды тапсырды.

Сондай-ақ, жауапты бөлімдерге Орталық саябақты ретке келтіру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу туралы бірқатар тапсырмаларды берді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button