Жеке есімдермен еске алайық….

Ұлы Отан соғысы жылдарында, неміс басқыншыларынан Отанын қорғауда миллиондаған кеңес адамдары көз жұмды. Олардың көбі кіндік қаны тамған жерден алыс жерлерде – ұрыс алаңдарында, госпиталь зираттарында, бауырлас зираттарда жерленген. Олардың туыстары, ұрпақтары аталарының, ағалары мен ұлдарының қабірлеріне табыну мүмкіндігінен айырылды. Қазіргі заманғы тарихи құжаттама орталығындағы Ұлы Отан соғысы қатысушыларының құжаттамалық жинақтарында, соғыстан қайтпаған біздің жерлестеріміздің төқжаттары сақталған. Бірақ, олардың есімдері біздің есімізде. Осындай жауынгерлердің бірі – жерлесіміз Байдүсен Желдібаев. Бірнеше жыл бұрын оның қызы, Еңлік Байдүсенова Ресей Федерациясының Новгород облысына барып, марқұмның жерленген жерінде болып қайтты.

Байдүсен Желдібаевтың алғашқы құжаттары, 2009 жылы мұрағатқа тапсырылды, онда қайтыс болуы туралы хабарламасы және майданнан жолданған хаты болды. Оларды мұрағатқа оның ұлы, Еркен Байдүсенұлы тапсырған. Аз ақпаратты орталық қызметкерлері интернеттегі, Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің «Мемориал» Орталық мұрағатының сайтындағы мәліметтермен толықтырды. Ол жерден Б.Желдібаев 377 атқыштар дивизиясының 1247 атқыштар полкі құрамында соғысқанын анықтады. 1944 жылғы 18 қаңтарда Новгородтан 25 шақырымда орналасқан дивизия Ленинград-Новгород операциясы барысында Оредеж бағытында шабуылға шыққан. 20 қаңтарда Долгово ауылын және Татино стансасын азат еткен. Қаңтар айының соңында жауды қуып, дивизия 40 шақырымнан артық алға жылжып, Новгород облысындағы бірнеше тұрғылықты мекендерді азат еткен. Байдүсен Желдібаев 1944 жылғы 22 қаңтарда қаза тапқан, Долгово ауылының маңындағы әскери зиратқа жерленген. Әкесінің жерленген орны туралы білгеннен кейін Еңлік Байдүсенқызы және Еркен Байдүсенұлы бес жыл шамасында барып қайтуды армандаған. Қарттық және ұзақ жол, ара-қашықтық үлкен кедергі болды. Еңлік Байдүсенқызы екі жыл бойы ведомстволарына әскери жерлеу кіретін Ресей Федерациясы Қорғаныс минстрлігінің Орталық мұрағатымен, Новгород облыстық Думасымен, Тесно-Нетыльский ауылдық әкімшілігімен және Ардагерлер кеңесімен табанды түрде хат алмасты. 2015 жылғы сәуірде, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Тесно-Нетыльский әкімшілігі басшысының шақыртуын алып, балаларының қолдауына жүгініп, анасының зиратынан бір уыс топырақ алып, қызы Шолпанның сүйемелдеуімен Еңлік Байдүсенқызы алыс сапарға шықты.
«Тесно-Нетылский ауылдық әкімшілігінде бізді жылы тосып алды, Долгово ауылына дейін баруға көмектесті. Ауылда жергілікті тұрғындардың күшімен кішігірім Жауынгерлік Даңқ музейі құрылған. Музей экспонаттары, ауыл маңында ұрыс жүргізген 377 атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің жеке заттары, қарулары. Долгово ауылы өте кішкентай, шамамен 10 үй бар, тұрғындары – зейнеткерлер, олар бауырлас зиратқа қамқорлық жасайды. Мемориал өте жақсы күтімде, гүлдер егілген. Мемориал тақтасында әкемнің аты-жөнін көргенде мен жылап жібердім. Жерді құшақтап, әкемді тірідей құшақтағандай сезім алдым. Анамның зиратынан алынған топырақты жерге септім. Мен оған анамыздың 83 жыл бойы сүйіспеншілікпен және адалдықпен күткенін, ұлы мен қызын құрметке лайықты адам ретінде тәрбиелеп жеткізгенін айттым. Біз гүл шоғын қойдық. Қазақ жерінен сарқыт ретінде: ұлттық тәттілер, тағамдар, киімдер және кәдесыйлар әкелдік. Дастархан жайып, жауынгерлер зиратының күтіміне қарайтын жергілікті тұрғындарды шақырып ас бердік. Дивизияның жүздеген сарбаздары қаза тапқан сұрапыл шайқастардың тірі куәгерлері, жергілікті әйелдермен ұзақ жүздестік. Бізде, неміс-фашистік басқыншыларынан жерлерін қорғаған жауынгерлердің естеліктеріне құрмет көрсеткен Новгород облысы тұрғындары туралы ең жылы естеліктер қалды.» – деп әңгімеледі Еңлік Байдүсенқызы.

Келесі бір жерлесіміз, Жученко Николай Тимофеевич, 1915 жылы дүниеге келген. 1931 жылы Семей қаласындағы жол техникумына қабылданған, оны аяқтап Алматы автокөлік жолдары басқармасына жұмысқа жолданған. 1937 – 1940 жылдары әскер қатарында әскери борышын өтеген. Әскери қызмет өткеру мерзімінің аяқталуына байланысты Семей қаласына қайтып келген. Соғыс басталды, 1941 жылғы қазанда Николай Тимофеевич Ленин аудандық әскери комиссариатымен майданға шақыртылды. 10 Армияның 310-Гвардиялық атқыштар дивизиясының 98-Қызыл Тулы атқыштар полкі қатарында соғысқан. Полктік инженер. Екі рет жараланған, бірақта емделгеннен кейін қайтадан майданға оралған.1943 жылғы қаңтарда Н.Т.Жученко, жеке өзі саперлер тобымен бірге жау минометінің және пулеметінің астында мина алаңын тазартып, жаяу әскерлердің алға жылжуына мүмкіндік бергені үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған. Екінші «Қызыл Жұлдыз» орденімен Николай Тимофеевич, 1944 жылғы шілдеде Псков облысы Кахново ауылының маңында, Великая өзенінен өтуде өткелдерді жабдықтау жұмыстарын жеке өзі басқарып, жаудың жаппай артиллерия мен минометтен атқанына қарамастан 2 паром өткелін жылдам жабдықтап және 2 фордты барлағаны үшін марапатталған. Осының арқасында дивизия бөлімдері өзеннен сәтті өткен.
І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен Николай Тимофеевич қайтыс болғаннан кейін марапатталған. Рига қаласын азат етудегі шабуыл шайқастары кезінде инженерлік қызмет жұмысын жеке басқара отырып жеке батылдық көрсете отырып, дивизия бөлімдері шабуылдарын сәттілікпен қамтамсыз етіп отырды. 1944 жылғы 8 қазанда Стуриши-Зелткални ауылының маңында алғы шептегі саперлер тобында олардың жұмыстарына басшылық жасап, жау оғы астында тар жолдың 9 шақырымын бөлшектеуді және осы учаскедегі көпірді 5 сағат ішінде жөндеуді қамтамасыз етті. Осының арқасында дивизияның шабуылдаушы бөлімдері 30 шақырымға алға жылжыды.

Н.Т.Жученко 1944 жылғы 12 қазанда Кланди ауылы маңында, Рига қаласына шабуылдаушы бөлімдерді инженерлік қамтамасыз етуді басқарып жүріп қайтыс болды. Латвияда, Екабпилск ауданы, Огра қаласындағы № 1 әскери зиратта жерленген.
Semeynews.kz