Абай облысыҚоғамСемейТОП

ҚАЖ қызметкерлері Семейдің Орталық саябағында сенбілік өткізді

ҚАЖ-ның 40-қа жуық қызметкері Абай облысының Орталық саябағының аумағын санитарлық тазалау жүргізді,  деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл акция Семей қаласы әкімдігінің “Қалада абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тәртіп орнату бойынша санитарлық-экологиялық екі айлық өткізу туралы”хабарландыруына сәйкес өткізілді.

Күннің екінші жартысында Абай облысы бойынша ҚАЖД 21 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің жеке құрамы күнделікті қызметтік формаларын жұмыс киімдеріне ауыстырып, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың қаулысымен жарияланған жалпықалалық сенбілікке шықты.

Қызметкерлердің жұмылған еңбегінің арқасында былтырғы жапырақтар мен қыста жиналған тротуарлардағы құмдар тырмаланып, жас бұталар түптелді, шамамен 85 қап қоқыс жиналды. Орталық мәдениет және демалыс саябағында 5 сағаттық қажырлы еңбектің арқасында қызметкерлер үлкен және маңызды іс жасады-саябақтың көп бөлігін ретке келтірді.

Айта кетейік, 21 мекеме қызметкерлері үшін экологиялық бағыттағы жалпықалалық іс-шараларға қатысу бұрыннан жақсы дәстүрге айналған, осылайша бесінші жыл олар өздері тұратын және қызмет жасайтын қалаға қолайлы көрініс беру үшін өз үлестерін қосуда.

– Сенбілікке қатысушылардың барлығы жақсы көңіл-күймен жұмыс істеді, ал біздің Орталық саябақты таза әрі әдемі ететін бірлескен еңбек нәтижелері көзді қуантты. Мұндай іс – шараларға қатысу қала үшін де, қатысушылардың өздері үшін де қаламызды жақсы жағдайда ұстау, табиғатқа қамқорлық көрсету үшін өте маңызды, осымен біз болашақ ұрпақтың денсаулығына үлес қосамыз, – деп атап өтті мекеме бастығы А.Нұрбеков.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button