Абай облысыҚоғамҚылмысСемейТОП

Абай облысының тұрғыны ұрланған автокөлікпен үйіне кетіп қалған

Абай облысында 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, ол Семейден ұрланған автокөлікпен ауылға үйіне қайтып кеткен, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Полицияның хабарлауынша, 20 қарашада Орталық полиция бөліміне 25 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген. Ер адам сағат 10:30 шамасында белгісіз адам оның ВАЗ 2170 көлігін ұрлап кеткенін айтты.

Жедел басқару орталығының полицейлері “Ұстап алу” жоспарын жариялады. Көлікті Бородулиха ауданына барар жолда “Сергек” АӨК камералары байқады. Бағдар жақын маңдағы посттарға берілді. Нәтижесінде көлік құралы Жезкент кентіндегі үйдің ауласынан табылды.

“Аталған қылмысты жасағаны үшін полицейлер Жезкент кентінің 23 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталған адам мойындады. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік иесіне қайтарылды”, – деді Семей қаласының жедел басқару орталығының бастығы полиция подполковнигі Рамиль Махмутов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button