Абай облысыҚоғамҚұрылысСемейТОП
Абай облысының тұрғындары жаңа пәтерге қоныстанды

Бүгін Аягөз қаласы, “Қуаныш” мөлтек ауданында, Н.Ұранхаевтың қолдауымен баспанаға мұқтаж азаматтарға 29 тұрғын үйдің кілттерін табыстау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Баспана 1,2 санаттағы мүгедектігі бар азаматтарға, мүгедек бала асыраушыларға, толық емес отбасылар, үйлері апаттық жағдайдағы азаматтарға берілді.
Кілттерді табыстау рәсіміне Абай облысы әкімінің орынбасары Гариков Димитрий Александрович және аудан ақсақалдары қатысып, үй иелерін жаңа қоныстарымен құттықттады.
Semeynews.kz