Абай облысыҚоғамҚылмысСемейТОП

Абай облысында қызметтік иттің арқасында есірткі тасымалының жолы кесілді

“Дана” атты қызметтік ит “Семей – Павлодар” өткізу пунктінде есірткі тасымалдаудың жолын кесті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың 7 қарашасында Затон полиция бөліміне “Семей-Павлодар” бақылау-өткізу бекетінен жедел хабарлама келіп түскен.

Белгілі болғандай, “Дана” есімді қызметтік ит Қостанай қаласынан Өскемен қаласына Семей қаласы арқылы транзитпен бара жатқан Қостанай облысының тұрғынынан тыйым салынған заттарды иіскеп табады.

Тәртіп сақшылары күдікті азаматты тоқтатып, көлік құралын тінткен. Тексеру барысында оның көлік құралындағы поликтің астынан есірткіге ұқсас байлам табылады.

Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберіліп, нәтижесінде “Кептірілген марихуана” есірткісі екені расталады. Күдікті Қостанай облысының бұрын сотталған 39 жастағы тұрғыны болып шықты.

Оған қатысты ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігі бойынша “Есірткі құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button