Абай облысыДенсаулықҚоғамСемейТОП

Семейде МӘМС және ТМККК шеңберінде медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша халықпен кездесулер өтуде

№1 емхана базасында бірлескен кездесу өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Оған облыс бойынша “әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ директоры Абай Ғалымжан Әбілов және “Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы” ММ медициналық көмекті ұйымдастыру, ана мен баланы қорғау жөніндегі басшысының орынбасары Гүлназ Таңатарова, сондай-ақ облыс орталығы емханаларының бас дәрігерлері қатысты.

Медицина қызметкерлері кездесудің нәтижелі өткенін атап өтті. Қатысушылар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге қызығушылық танытты.

Кездесу барысында қан айналымы жүйесі ауруларының, қант диабеті мен онкологиялық аурулардың алдын алу, сондай-ақ облыс емханаларындағы денсаулық мектептерінің рөлі туралы сұрақтар көтерілді.
Айта кетейік, Халықпен осындай кездесулер дәстүрлі түрде өтіп, Абай облысының барлық емханаларында өтеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button