
Жаңаөзенде дәстүрлі садақ атудан ҚР Бірінші Чемпионаты аяқталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
13-17 қазанда аралығында өткен садақшылар жарысында Абай облысының спортшылары командалық есепте екінші орынға шықты.
Абай облысы құрамасының бас бапкері – Дулат Ксатайдың басшылығымен өңірдің намысын келесі спортшылар қорғады – Әшіл Бауыржан, Әміренов Ерасыл, Усабаев Асқарбек, Дүйсенғазы Іңкәр.
Біздің ең жас спортшымыз, 8 жасар Әшіл Бауыржан ерекше көзге түсті. Ол “Ең үздік костюм” номинациясында марапатталды.
Semeynews.kz