Абай облысыҚоғамСемейСпортТОП

Абай облысында алдағы жылы төрт спорттық мекеме ашу жоспарлануда

Абай облысында 2023-ші жылы 4 спорттық мекеме ашу көзделіп отыр, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бүгінгі таңда облыста бұқаралық спорт түрлері бойынша 1 жоғары спорттық шеберлік мектебі және 13 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Ондағы 128 секцияда жалпы саны 13 441 спортшы тәрбиеленеді.

Семей, Курчатов қалалары және барлық аудандардағы жалпы білім беретін орта мектептердегі 1955 секцияда 37837 оқушы түрлі спортпен шұғылданады.  Сонымен қатар, мектептерде спортқа бейімі бар балаларға арналған спорт сыныптарын ашу жоспарланып отыр. Бұл үшін алдымен сауалнама жүргізу арқылы оқушылардың ең көп қызығатын спорт түрлерін анықтайтын болады.

Бұдан бөлек, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2023-ші жылы Көкбай, Таскескен және Ақсуат ауылдарында 3 спорттық нысан салынбақ. Сондай-ақ спортпен шұғылданушылар санын арттыру мақсатында Семей қаласының сол жағалауында көпсалалы спорт кешенін салып, оң жағалауда аспалы көпір астындағы спорттық алаңды абаттандыру жоспарлануда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button