Желтоқсан оқиғасына қатысқан әрбір азамат елінің егемендігін, халқының тәуелсіздігін аңсады. Қара басының қамынан қазақтың мүддесін, өз жағдайынан Отанының тағдырын артық көрді. Солардың бірі – Марат Рамазанов. Бүгінде Шығыс Қазақстан облыстық «Jeltoqsan-86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып отырған Зайсан ауданының тумасы желтоқсаншылардың жағдайын жақсартуға үлес қосып жүр. ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген М.Рамазанов атқарып жатқан жұмыстарының бүге-шүгесін айтып берді.