ауа-райыҚазақстанҚоғамНАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАРТОП

[:kk]Ауа райы: Солтүстік және шығыс өңірлерде 22-30 градус суық болады[:]

Синоптиктер 7-9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

[:kk]Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлеріне аяз келеді.

«Атлант аймағынан суық антициклон келе жатыр, ол елдегі жылы Оңтүстік циклонын алмастырады. Суық ауа массалары жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының күрт төмендеуіне әкеледі.

7-8 желтоқсанда түнде еліміздің солтүстігі мен шығысында термометр бағаны 22-30 аязды көрсетеді. Ал республиканың оңтүстік өңірлері болса, Иран аудандарынан келетін жылы ауа массаларының қорғауында қалады. Мұнда айтарлықтай күн суытпайды», делінген хабарламада.

Semeynews.kz[:]

Осы айдарда

Back to top button