ҚазақстанҚоғамОқиғаТОП

Алматыда көлік ағашқа соғылып, бір адам мерт болды

Алматыда Nissan Cefiro көлігі ағашқа соғылып, жүргізушісі көз жұмды, деп хабрлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің дерегінше, жол-көлік оқиғасы 22 қарашада шамамен сағат 00:45-те Кенесары хан көшесінде болған.

«Nissan Cefiro» маркалы автокөлігінің 1991 жылы туған М. есімді жүргізуші Кенесары хан көшесімен келе жатып, №52 ғимаратқа қарама-қарсы тұста көлігін басқара алмай, ағашқа соғылған. Жол-көлік апаты салдарынан алған жарақатынан жүргізуші оқиға орында көз жұмды»,- деп хабарлады полициядан.

Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button