Бүгінгі күні Семей қаласының №1 алғашқы медициналық-санитарлық көмек емханасында коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен 7000 – нан астам адам, ал екіншісімен 6000-нан астам адам егілді. Бұл туралы АКҚ-де өткен брифингте емхананың эпидемиолог дәрігері Ильгиз Ахмеров мәлімдеді, деп хабарлайды Semeynews.kz