
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 18 қазанында Өскемен қаласының полиция басқармасына 31 жастағы ер адам жүгінді. Ол ағымдағы жылдың мамыр айынан тамыз айына дейінгі уақыт аралығында оның досы сенімге кіру жолымен 2 000 000 теңге мөлшерінде ақша қаражатын қарызға алып қайтармағанын айтқан.
Белгілі болғандай, алаяқ 500 мың теңгеге жуық бастапқы соманы қолхатпен қарызға алған, ал біраз уақыттан кейін қайта келіп, әйеліне шұғыл операция қажет деп несие ресімдеуді сұраған. Досының өтінішіне келіскен ол қала банктерінің бірінде өз атына 1 500 000 теңге сомасына несие ресімдеген. Келтірілген шығын шамамен 2 миллион теңгені құрады.
Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде полицейлер бұрын сотталмаған, жұмыссыз, қаланың 32 жастағы жергілікті тұрғыны болып шыққанын анықтады.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 – бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды-алаяқтық, оның санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді», – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Semeynews.kz