
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 14 қазанда Семей төтенше жағдайлар басқармасына Аманов көшесі бойындағы төрт қабатты үйлердің бірінің төбесін жөндеуге шыққан жұмысшылардың төмен түсе алмай жүргендігі жайлы ақпарат түскен.
- Анықталғандай, үй төбесіне жөндеу жүргізіп жүрген мекеменің техникасы істен шыққан. техникадағы ақау салдарынан жұмысшылар жерге түсе алмаған. Оқиға орнына келген құтқарушылар автосатының көмегімен оларды жерге түсірді. Медициналық көмек қажет болмады, – деді баспасөз қызметінде.
Semeynews.kz