ВКОҚоғамТәуелсіздікке 30 жылТОПШҚО

[:kk]Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Өскеменде қазақ хандарына арналған монумент салынады[:]

Өскемен қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ауқымды монумент бой көтермек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

[:kk]Бұл жайлы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Бүгін Өскемендегі ескерткіштер құрылысының барысын бақыладым. Оның ішінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ауқымды монумент бар. Бұл – біртұтас мемориалдық кешен, Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек пен Керей және қазақтың ұлы үш биі бейнеленген бірыңғай композиция. Сондай-ақ мұнда ел тарихының негізгі кезеңдері мен Қазақстанның Тұңғыш Президентінің дәйексөздері бар барельефтер болады», — дейді ол.

Облыс әкімінің айтуынша, монумент облыстағы ғана емес, бүкіл Қазақстандағы бірегей сәулет құрылысына айналады. Оның биіктігі — 12,6 метрді құрамақ.

«16 желтоқсанға дейін ескерткіш салынып бітеді. Кешеннің жалғасы еліміздің бірінші Қорғаныс министрі, ардагер, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы — Сағадат Нұрмағамбетов атындағы аллея болмақ. Мен қазақтың осындай нар тұлғалы азаматымен жеке таныс болдым және оны қарапайым, өз ісінің нағыз шебері ретінде білемін», — деді Даниал Ахметов.

Semeynews.kz[:]

Осы айдарда

Back to top button