
Жұмыстар 2019 жылғы желтоқсанда жүргізілген тендер ойындарының нәтижесі бойынша, Еуропалық жаңғыру және дамыту банкінің Ержесіне сәйкес, «ШҚО өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ және «EVERLIGHT» компаниясы арасында жасалған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылуда. Жобаның сомасы 1,8 млрд теңгені құрайды.

Жобаны жүзеге асыру шеңберінде қаламыздағы 136 көшенің жарықтандыруы жаңартылады. 7 659 шамды қуаттылығы 70, 130 және 150 Вт жарық диодты шамдарға ауыстыру қарастырылған. Сондай-ақ жоспарда 687 тіректі, 2,5 мыңнан астам кронштейнді, 130 шақырымды құрайтын сымдарды және 196 басқару шкафтарын ауыстыру қарастырылған. Сонымен қатар, шамдарды қашықтықтан басқару мүмкіндігін беретін біріңғай диспетчерлік орталық енгізіледі. Жоба жүзеге асырылғанда қала электр қуатының 60% үнемдейтіні күтілуде.
- ШҚО әкімінің қолдауымен біз шамдарды ауыстыру үшін жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелерді бөлдік. Қазіргі атқарылып жатқан жұмыс көлеміне қосымша, бұрын жарық болмаған 33 көше қосылды. Бұл жоба бәріміз үшін маңызды. Жұмыс сапасы бойынша проблема жоқ. Жұмыстың екінші кезеңі қалды. Шамдар мен бағаналарды орнату. Энергия үнемдейтін шамдарды және автоматтандыру жүйесін орнату бізге қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде жабдықтарды жеткізудің кешіктірілуі және тіректерді орнату ерекше алаңдаушылық тудырады. Қысқа мерзім ішінде материалдарды жеткізу мәселесін шешу керек. Ауа-райының суытуымен жабдықтарды орнату мүмкін болмайды, өйткені бұл жұмыс сапасына теріс әсер етеді, – деді кездесу барысында Бақытжан Байахметов.
Бүгінгі күні қаланың 103 көшедесіндегі 5 580 шам жөнделді. Қалған 33 көшедегі шамдарды жөндеу жұмыстарын 30 қыркүйекке дейін аяқтауды жоспарлауда.


Semeynews.kz



