ҚоғамСемейТОП
Семейде «жасыл автобустар» қала маршруттарына оралды
Кешегі өткен тамыз конференцияда қала әкімі Бақытжан Байахметов мәлімдегендей, сот шешіміне сәйкес қайтарылып алынған «Semey Bus» ЖШС тиесілі автобустардың жартысы бұрынғысынша қала маршруттарына шығарылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.
«Жасыл» автопаркке тиесілі 170 автобустың, бүгінгі таңда 50-і ғана іске жарамды, олардың сыртқы келбеті және техникалық жағдайы аянышты. Сондықтан желіге тек 45 автобус шығарылады. Қалған автобустар жөнделуден өткеннен кейін ғана қалалық маршруттарға шығарылады.
- Біз қозғалыс кестесін әзірледік. Ертең 45 автобус шығады, олардың 25-і тек балаларды тасымалдайды. Бұрын оқушылар қоғамдық көлікпен жүретін, енді, эпидемиологиялық жағдайға байланысты, оларға қауіп төндірмеу үшін 25 автобус шығарамыз, олар оқушыларды мектепке дейін тасымалдайды. Біз талдау жүргіздік, қанша автобус керек екенін есептедік. Оқушылардың көпшілігі мектепке жаяу барады, себебі олар мектеп маңайында тұрады. Балалар мемлекет есебінен тегін тасымалданады. Шарттар жасалып, соған сәйкес жабдықтар қарастыралады. Алдын ала есептер бар. Сонымен қатар оқушыларды тасымалы үшін автобус түрлерін бөлу қажет, – деп хабарлады Бақытжан Байахметов.
Жақында қала маршруттарына, техникалық қараудан өткен тағы да 25 автобус шығару жоспарлануда. Осылайша, әкімнің айтуынша, қаладағы автобус мәселесін шешуге болады. Сонымен қатар қала басшысы бүгінгі таңда электронды билеттеу және жаңа валидаторлар орнату мәселесі қарастырылып жатқанын айтып өтті.
- Валидаторлар мен электронды төлемге келетін болсақ, бірнеше нұсқасы қарастырылуда. Бұрынғы валидаторлар алынып тасталған. Осының барлығы біраз уақытты қажет етеді. Жұмыс істейтін және нәтиже беретін заманауи ашық жүйе болуы керек. Ең бастысы, қымбат емес. Әртүрлі нұсқаларын қарастырамыз, – деп қорытындылады қала әкімі.
Semeynews.kz


