
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Өскемен қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне велосипедтерді жалға беру пунктінің 62 жастағы қызметкері жүгініп, белгісіз қала тұрғыны велосипедті жалға аламын деп алдап ұрлап кеткенін хабарлаған.
- Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ертіс полиция бөлімінің қызметкерлері 24 жастағы ер адамның дүкенге тиесілі велосипедті ұрлағанын анықтады. Өзінің әрекеттерімен қаскөй дүкен иесіне 80 мың теңге сомада залал келтірген. Велосипед иесіне қайтарылды. Ұсталған адамның айтуынша, ол велосипедті сату мақсатында ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді баспасөз қызметінде.
Semeynews.kz