
Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың тамыз айының басында қаланың Затон аудандық бөліміне 32 жастағы алматылық шағын-несие компаниясының директоры жүгініп, белгісіз тұлға Солтүстік Қазақстан облысының 38 жастағы тұрғынының атына тауарлы несие рәсімдегенін және тауарды Семейдегі цифрлы техникалар дүкені бергенін хабарлады. Материалдық шығын 200 теңге.
“Дәл осындай әдіспен алаяқ 2 сәуірде СҚО Петропавл қаласының 41 жастағы тұрғынының атына жалпы сомасы 1 000 000 теңгеге несие рәсімдеген. Келтірілген жалпы шығын көлемі 1 200 000 теңге”, – деді Семей қ. ПБ бастығы Шалқар Құнанбаев.
Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында 26 жастағы, жұмыс істемейтін, бұрын сотты болмаған Семей тұрғыны ұсталды. Ол кінәсін толықтай мойындады.
Интернет-алаяқтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы болуы тексерілуде. Алаяқ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Semeynews.kz