ҚоғамҚылмысСемейТОП

Астаналық ер адам Семей тұрғынына өзгенің көлігін сатқан

Семейде ер адам өзгеге тиесілі көлікті сатып жіберген, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 9 тамызында қаланың Затон аудандық ПБ 30 жастағы ер адам жүгініп, 2021 жылғы 31 шілдеде сағат 10:00 шамасында, 1-ықшам ауданда, белгісіз ер адам сеніміне кіріп, басқа адамға тиесілі «Тайота» маркалы көлікті 3 900 000 теңгеге сатқанын хабарлаған.

  • Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен 29 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны анықталды. Оны ұстау шаралары қабылданды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді баспасөз қызметінде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button