ҚазақстанОқиғаТОП

Рудныйда КамАЗ бен Lada соқтығысты: әйел көз жұмды – видео

Рудныйда КамАЗ Lada көлігімен соқтығысып, жеңіл көлік ішіндегі жолаушы әйел қаза болды, деп хабарлады Sputnik Рудный қаласы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

  • “ВАЗ 21070” жүргізушісі Топорков көшесімен келе жатып, Молодая Гвардия көшесінің қиылысындағы бағдаршамда солға бұрылған кезде “КамАЗ” көлігімен соқтығысқан. Жеңіл көлік жүргізушісі бұрылған кезде жолдың қауіпсіз екеніне көз жеткізбеген”, – деп хабарлады полиция.

“ВАЗ 21070” жолаушысы жарақат салдарынан сол жерде көз жұмды.

Жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345 бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button