ҚазақстанҚылмысТОП

Ақмола облысында басқарма басшысы қылмыс үстінде ұсталды

Нұр-Сұлтанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлері Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Таласбаевты 30 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен қамауға алды, деп хабарлайды Sputnik.

Департамент қызметкерлері шенеунікті өткен сенбіде Алматыда ұстаған, деп жазды kokshetau.asia порталы.

Ақпарат көзіне сәйкес, Таласбаев 13 миллион теңге пара алып жатқан кезде қылмыс үстінде ұсталған. Бұл өзі талап еткен 30 миллион теңгенің бір бөлігі ғана екені белгілі болды.

Алайда өңірдің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қандай қызмет үшін және кімнен заңсыз сыйақы алғаны әзірше белгісіз.

Сонымен қатар шенеуніктің бұл әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы – “Пара алу” бойынша қаралатыны айтылған. Егер шенеуніктің кінәсі дәлелденсе, ол мүлкін тәркілеумен он бес жылға дейін сотталуы мүмкін.

Бұл соңғы жылы өңірдегі шенеуніктер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлерінің күдігіне ілінген бірінші жағдай емес. Өткен жылдың қазанында Ақмола облысы мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Рүстем Бикенов жеті жылға бас бостандығынан болатын. Ол ірі көлемде бірнеше рет пара алды деп айыпталды.

Сонымен қатар биыл сәуірде Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов та абақтыға жабылды. Ол лауазымды қызметін пайдалану арқылы ірі көлемде сеніп табысталған ммүлікті талан-тараж ету бойынша айыпталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button