
Бүгін, сағат 16:36 шамасында Үржар ауданында, Алакөл көлінде кезекті патрульдеу кезінде ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жағадан 50 метр жерде көмек сұраған ер адамды байқаған. Жедел түрде көмекке келіп, құтқару шеңберін лақтырып, қайыққа отырғызып, аман-есен жағаға жеткізді. Демалушыға медициналық көмек қажет болмады.
Төтенше жағдайлар қызметі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.
Semey News