Covid-19ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО тұрғындарының 55%-дан астамы вакцинациаланды

Шығыс Қазақстанда өткен жылдың қазан айынан бастап 747 мың адам вакцинациалануы керек болатын, деп хабарлайды Semey News.

Онлайн-брифинг барысында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Эльмира Рахимбаева бүгінгі таңда облыс аумағында 420 мыңнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін, бұл 55% құрайтынын, ал 288 мың адам екінші компонентін алғанын мәлімдеді.

  • Вакцинациалау жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Осы айда 145 мың вакцина салу жоспарланған. Бүгінгі таңда облысымызда «Спутник V» вакцинасы бар, ал кейбір емханаларда CoronaVac вакцинасының екінші компоненті қалды. Қазір біз отандық QazVac вакцинасының 10 мың дозасын тосып отырмыз, – деді Эльмира Рахимбаева.

Тамыз айында Шығыс Қазақстан тұрғындарына үш вакцина қол жетімді болады. Облысымызға «Спутник V» және Hayat-Vаx вакциналары әкелінеді.

Эльмира Рахимбаева тұрғындарды барынша мол қамту мақсатында облысымызда 300 екпе егу кабинеттері жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Сонымен қатар «Император», «Евразия», «ADK-River» сауда үйлерінде де екпе егу пункттері ашылды. Сондай-ақ вакцинаны бес жылжымалы мобильді кешеннен алуға болады.

 

Semey News

Осы айдарда

Back to top button