ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-да пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлер қайтарылып алынып жатыр

Шығыс Қазақстанда мақсатына сай пайдалынылмай жатқан жайылымдық жерлер мемлекетпен қайтарылып алынып жатыр, деп хабарлайды Semey News.

Бүгінгі таңда аймақтағы жайылымдық жерлер 20 миллион гектарға жуық аумақты құрайды. Бірақ тағы екі миллионға қажеттілік бар. Ол үшін, Жер кодексіне сәйкес, мақсатына сай пайдаланылмайтын жерлерді алуға болады. Көптеген жайылым иелері жайылымға пайдаланылмайтын жерлерді өз еркімен береді. Аудан әкімдері мен жер қатынастары басқармасы жайылымдарды қайтару алгоритмін әзірлейтін болады. Облыста мал басы өсуде. Отбасылық фермерлік шаруашылықтар өсіп келеді. Тиісінше жайылым мәселесі шешілетін болады. Сондай-ақ, алыс қашықтықтарды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет.

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің айтуынша, қазір біз АӨК өнімдері өндірісінің өсімін көріп отырмыз. Ауыл тұрғындары соңғы тұтынушысы бар өнімдерді өндіруге баса назар аударады. Сонымен қатар, көптеген адамдар терең өңдеумен айналысады. Мәселен, Семей мен Предгорныйдағы екі ірі май экстракциялық зауыттың арқасында майлы дақылдардың егістік алқаптары айтарлықтай өсті. АӨК саласындағы 171 жоба іске асырылды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button