«Көлік құралы ұрланған болуы мүмкін деген күдік туындап, полицейлер азаматты тоқтатты, көліктің ұрланғаны анықталды. Қаскүнем 38 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты, ол біреудің мүлкін сатуды жоспарлаған», – деп түсіндірді Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметі.
Велосипед тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінен ұрланғаны анықталды. Ер адам велосипедті көріп оны өзімен бірге алып кеткен.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
«Ұрланған велосипедті полиция қызметкерлері заңды иесіне қайтарып берді. Ең қызығы, полиция қызметкерлері велосипедті орнына қайтарған кезде, велосипед иесі таң қалды. Ол тіпті велосипедтің жоғалғанын байқамаған», – деді баспасөз қызметінде.
Semey News